Басты бет Петропавл жаңалықтары 1–7 шілде аралығында Петропавлда тауарларға тиімді бағалар ұсынылатын «Bereke Fest» акциясы өтеді

1–7 шілде аралығында Петропавлда тауарларға тиімді бағалар ұсынылатын «Bereke Fest» акциясы өтеді

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 33
cover

Фото ИИ: ChatGPT

2026 жылғы 1–7 шілде аралығында Петропавл қаласының сауда нысандарында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай ұйымдастырылған «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды SKO24.kz.

Акция халықты қолдауға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға, бағаның өсуін тежеуге, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Акция аясында Петропавл қаласының келесі сауда нысандарында арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер қолданылады:

  • «Семейный» супермаркеттері;
  • «Аймер» супермаркеттері;
  • «Северный» супермаркеттері;
  • «City Mall» сауда-ойын-сауық орталығы;
  • «Рахмет» сауда орталығы.

Сатып алушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең ассортименті жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Акцияға қатысатын тауарлар тұтынушыларға тиімді ұсыныстарды оңай ажыратуға мүмкіндік беретін арнайы «Bereke Fest» логотипімен белгіленеді.

Акция қала тұрғындарына қажетті тауарларды қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, ішкі сауданың дамуына және отандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді.

Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтарын «Bereke Fest» акциясына қатысушы сауда нысандарына келіп, 2026 жылғы 1–7 шілде аралығындағы арнайы ұсыныстарды пайдалануға шақырамыз!

Бөлісу