Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлда студенттермен «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті

Петропавлда студенттермен «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 87
cover

Петропавлда қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында «Келісім аумағы» акция-челленджі өтті, деп хабарлайды SKO24.kz.

Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Ішкі саясат басқармасымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырды. Оған қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 100-ден астам студент қатысты.

Кездесу барысында жастарға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, этносаралық қатынастар, діни сауаттылық, толеранттылық және қоғамдық келісім мәселелері талқыланды.

Акцияның негізгі мақсаты – этносаралық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, түрлі этнос өкілдеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және қоғамдық келісімді нығайту.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Кездесуге этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысып, жастарға өзара құрмет, бірлік пен мәдени әралуандықты сақтау тәжірибелері туралы айтып берді.

Бөлісу