Басты бет Петропавл жаңалықтары Петропавлдық 9-сынып оқушысы мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар бергені үшін сотталды

Петропавлдық 9-сынып оқушысы мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабар бергені үшін сотталды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 15
cover

Петропавлда орта мектептердің бірінің 9-сынып оқушысы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды SKO24.kz Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Қадағалау органының мәліметінше, 2025 жылдың қазан айында оқушы қалжың ретінде жедел қызметтерге қоңырау шалып, мектепке жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Соның салдарынан оқу процесі тоқтатылып, оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвакуацияланды. Арнайы қызметтердің тексеруі нәтижесінде ақпараттың жалған екені анықталды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша айып тағылды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот жасөспірімді кінәлі деп танып, оған бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жаза мерзімі бойы пробациялық бақылау белгіленді.

Прокуратурада терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіріп, жедел және мемлекеттік қызметтердің қалыпты жұмысына кедергі келтіретіні, елеулі материалдық шығындарға әкелетіні және мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені еске салынды.

Бөлісу