СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Бөлісу
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысы болып Сакен Жұмағалиұлы Қасымов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қол қойған. Бұл туралы SKO24.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
46 жастағы Сакен Қасымов Қызылорда облысының тумасы. Ол Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» және «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Алматы қаласының Қазынашылық департаментінде, Астана қаласының Салық комитетінде жетекші және бас маман қызметтерін атқарған. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінде сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеген.
Бұған дейін Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінде басшының орынбасары және басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.
Жаңа тағайындауға дейін Сакен Қасымов Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментін басқарған.
Бөлісу