Басты бет СҚО жаналықтары СҚО әкімі «Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілім алаңына барды

СҚО әкімі «Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілім алаңына барды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 14
cover

Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай. Ғайып ғалам» атты толықметражды приключения жанрындағы фильмнің түсірілім жұмыстары жалғасуда. СҚО әкімі киножобаның түсірілім алаңына барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды SKO24.kz.

Аталған жоба өңір үшін бірегей болып саналады: облыс тарихында алғаш рет Ботай өркениетіне арналған толықметражды көркем фильм түсірілуде. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде креативті индустрияны дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып, Солтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын республика және халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.

Қазіргі таңда негізгі түсірілім кезеңі басталды. Түсірілім жұмыстары Петропавл қаласында ғана емес, облыстың бірқатар аудандарында да жүргізілуде. Жобаға 70-тен астам маман, сондай-ақ өңірдің шығармашылық ұжымдарының актерлері мен мамандары тартылған.

Өңір басшысы түсірілім тобына сәттілік тілеп, шығармашылық шабыт білдірді және фильмнің еліміздің мәдени өмірінде маңызды оқиғаға айналып, СҚО-ны халықаралық деңгейде лайықты таныстыратынына сенім білдірді.

Бөлісу