СҚО әкімі солтүстікқазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Бөлісу
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ұлттық домбыра күніне орай өңір тұрғындарына құттықтау жолдап, ұлттық мұраның маңызына ерекше тоқталды, деп хабарлайды SKO24.kz.
Құттықтауында өңір басшысы Домбыраның ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жеткен қасиетті рухани мұра, ұлттық болмысымыздың, төл мәдениетіміз бен бай тарихымыздың айрықша белгісі екенін атап өтті.
Әкімнің айтуынша, Домбыра халықтың қуанышы мен қайғысына ортақ болып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық рухты нығайтуға қызмет етіп келеді. Сондай-ақ жас буынның бойына отансүйгіштік, туған елге сүйіспеншілік, салт-дәстүрге құрмет пен ата-баба мұрасына адалдық қасиеттерін сіңіруде ерекше орын алады.
Құттықтау соңында өңір басшысы әр шаңырақта қасиетті қара домбыраның күмбірі үзілмей, халқымыздың рухын асқақтата беруіне тілектестік білдіріп, солтүстікқазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке, елімізге тыныштық пен бірлік, өңірдің өркендеуі жолында толайым табыс тіледі.
Бөлісу