Басты бет СҚО жаналықтары СҚО-ның Мамлют ауданында абаттандыру және қауіпсіздік бойынша рейдтер жалғасуда

СҚО-ның Мамлют ауданында абаттандыру және қауіпсіздік бойынша рейдтер жалғасуда

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 74
cover

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында елді мекендердің тазалығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды SKO24.kz.

Воскресенов ауылдық округінің мамандары Воскресеновка ауылының аумағын аралап, абаттандыру және санитарлық талаптардың сақталуын тексеруде. Рейд барысында тұрғындарға үй маңы мен аула аумақтарын таза ұстау, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар тұрмыстық өрт қауіпсіздігіне, төтенше жағдайлардың алдын алуға және күзгі-қысқы кезеңде сақтық шараларын орындауға баса назар аударылуда.

Мұндай профилактикалық жұмыстар ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Рейдтер алдағы уақытта да жалғасады.

Бөлісу