Солтүстік Қазақстан облысында «Абайдың қара сөздері» документальды циклін көрсету ұйымдастырылды
Бөлісу
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыстың білім беру ұйымдарының оқушылары үшін «Абайдың қара сөздері» документальды фильмдерін көрсетуді ұйымдастырды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Іс-шара жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуге , ұлы ойшыл Абай Құнанбавтың еңбектерінде көрсетілген заңға, әділдікке, еңбекке және жалпы адамзаттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған.

Көрсетуге облыстың әртүрлі аудандары мен Петропавл қаласынан 190-ға жуық мектеп оқушылары қатысты.
Қарағаннан кейін қатысушылармен фильмдердің негізгі идеялары, олардың қазіргі жастар үшін өзектілігі және заңға бағынатын және жауапты азаматты тәрбиелеудегі Абай Құнанбаев мұрасының маңыздылығы талқыланды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесі мен рухани-адамгершілік дамуы бойынша жұмыс жалғасады.
Бөлісу