Басты бет СҚО жаналықтары СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының стратегиялық сумен жабдықтау нысандары мемлекеттік меншікке қайтарылды

СҚО-ның Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының стратегиялық сумен жабдықтау нысандары мемлекеттік меншікке қайтарылды

Камилла Кәрім

Бөлісу

views 28
cover

Булаев қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін таза су резервуарлары мен су құбыры желілері мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды SKO24.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігімен бірлесіп, 2017 жылы «Булаев су» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесті сату кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты аудан прокуратурасы сотқа сауда-саттық нәтижелері мен сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді.

Аталған заң бұзушылықтар іс материалдарын Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қарау барысында өз растауын тапты.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 21 шілдедегі шешімімен 2017 жылы өткізілген электрондық аукционның нәтижелері, сондай-ақ «Булаев су» ЖШС жарғылық капиталындағы үлестің басым бөлігін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Нәтижесінде стратегиялық сумен жабдықтау жүйесінің нысандары кіретін «Булаев су» ЖШС-дегі тиісті үлес мемлекетке қайтарылды. Осылайша, Булаев қаласының су құбыры желілері мен таза су резервуарларына мемлекеттік бақылау қалпына келтірілді. Аталған нысандардың баланстық құны 761 млн теңгеден асады.

Сумен жабдықтау нысандарының мемлекеттік секторға қайтарылуы қала тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін маңызды.

Мемлекеттік активтерді қорғау және олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы аудан әкімдігі мен прокуратура органдарының бірлескен жұмысы жалғасуда.

Бөлісу